«Оңтүстік» ҚСӨК мәдениетті, спортты, білім беруді нығайта отырып, аумақтар үшін өзекті міндеттерді шешуге көмек көрсетумен, көптеген әлеуметтік және экологиялық жобаларды қолдайды.
Компаниялардың басшылығы өнеркәсіптің кез келген саласының да, тұтастай алғанда мемлекеттің де орнықты дамуы әлеуметтік саладағы ұзақ мерзімді әріптестікті қолдаумен тығыз байланысты екеніне сенімді.
Түркістан облысы Отырар ауданы Шілік ауылындағы орта мектеп 2008 жылы пайдалануға берілді. Мектеп мемлекеттік стандарттарға сәйкес салынған және барлық қажетті заттармен жабдықталған. Жобаның құны 166 млн.теңгеден асады. Бұл Серікжан Сейiтжановтың туған мектебі, оның әкесі Сейiтжан Құртаев бұл мектепте ұзақ уақыт жұмыс істеген. ҚР Үкіметінің «Кеңес Одағының батырлары мен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін беру және ҚР Білім беру ұйымдарының атын өзгерту туралы» қаулысымен бұл мектепке Сейiтжан Құртаевтың есімі берілді.
Отырар ауданы Шілік ауылындағы «Хадиша ана» балабақшасы «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, 2013 жылы пайдалануға берілді. Бүгінде оған 90 бала келеді, 25 қызметкер жұмыс істейді.
Шымкент қаласының №103 жалпы білім беретін мектебі 2010 жылы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» бағдарламасы аясында салынды. Кабинеттер заманауи оқу үдерісіне қажетті барлық заттармен жабдықталған. Жобаның құны 214 миллион теңгеден асады, оқу орнына 1700 оқушы барады, 145 оқытушы жұмыс істейді.
«Қос Ана» балабақшасы 2016 жылдың соңында балаларға есігін айқара ашты. Ашылу Қазақстан Республикасының 25 жылдығы қарсаңында өтті және меценат Серікжан Сейтжановтың азаматтарға сыйлығы болды.
«Қос Ана» атауы екі ананың балаларына деген махаббатын білдіреді. Олардың бірікезінде 11 баламен жесір қалған Серікжан Сейітжановтың анасы болса, екіншісі 12 баланы жалғыз тәрбиелеп өсірген анасының құрбысы Зияш. Балабақша 280 орынға есептелген. Бақшада білікті мұғалімдер жұмыс істейді, штаттық дәрігер, психолог, логопед бар. Мұнда балалардың денсаулығы мұқият бақыланады-УЖЖ аппараттары, биоптрон және небулайзермен физиокабинет жұмыс істейді. Ойын залдары мен сабақтар өтуге арналған бөлмелер қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген, балалар хауызы мен бассейн жұмыс істейді, онда балалар жүзуге үйретіледі. Балабақшада балалардың әртүрлі қызығушылығы бойынша – ағылшын тілі мен шахмат, изостудия және құмыра ісі, арт-терапия және хореография, мини-теннис пен футбол, би және робототехника үйірмелері жұмыс істейді.
FTPK Ontustik and South Oil LLP support many social and environmental projects, assisting in solving urgent tasks for the territories, strengthening culture, sports and education. The management of the companies is sure that sustainable development of any industry and the state as a whole is inextricably linked to maintaining long-term partnerships in the social sphere.