Түркістанда қазіргі заманғы, ең озық сауда-ойын-сауық орталығы-«Khanshaiym plaza» бой көтерді. Ол қаланың өте ыңғайлы жерінде орналасқан, СОО-да ыңғайлы автотұрақ бар, ал ішінде сатып алу және ойын- сауық үшін қажет нәрсенің бәрі бар – супермаркеттер, танымал брендтер бутиктері, балалар ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар орналастырылған. Ешкімде іш пысатын уақыт болмайды!

«Кhanshaim Plaza» СОО аз уақыт ішінде қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналды. Түркістандықтар демалыс күндерін осында өткізеді, ал орталық әкімшілігі келушілер үшін ұтыс ойындарын, сату акцияларын және басқа да қызықты іс-шараларды өткізеді.