«STANDARD CEMENT» ЖШС Standard Cement зауыты – Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы ең ірі және капиталды қажет ететін жобалардың бірі. Зауыт сапа мен қауіпсіздіктің барлық нормалары мен стандарттарына сәйкес келеді. Мұнда жұмыс кәсіпорынға толыққанды экологиялық таза өндіріс деп санауға мүмкіндік беретін жаңа технология бойынша жүргізілуде.

Standard cement — Қазақстандағы ең қуатты және инновациялық цемент зауыты ҚР Үдемелі индустриялықинновациялық дамуының 2010 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған, «Қазақстанның 100 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасына енгізілген.

Зауыт қала құраушы кәсіпорынға айналған. Шымкент қаласының Қызылсай кентінде орналасқан, онда 1000нан астам адам жұмыс істейді. Бас директоры — Бауыржан Серікжанұлы Сейітжанов.

Жобаның басынан бастап жергілікті құрылыс материалдарын, техника мен мамандарды тартуға баса назар аударылды. Барлық құрылыс жұмыстары қазақстандық компаниялардың күшімен жүргізілді. 30дан астам қазақстандық жас мамандар ҚХР цемент өнер кәсібі Тяньдзин ғылыми зерттеу институтында «Standard Cement» ЖШС есебінен оқыды.

Өндіріс жаңа технология бойынша жүзеге асырылады және экологиялық тұрғыдан таза — зауыт экология мен қоршаған ортаны қорғаудың барлық талаптарына сәйкес келеді. Қуатты үш деңгейлі шаңжинағыш электр сүзгілері және 51 жеңдік сүзгі атмосфераға шығарындыларды нөлге дейін азайтып, қоршаған ортаға зиян келтірмейді.

Standard cement жоғары сапалы цементтің ауқымды көлемін өндіруге қабілетті, бүгінде оның өндірістік қуаты жылына 2 000 000 тонна цементті құрайды. Жабдықты жеткізуші ҚХР Тяньцзян цемент өнеркәсібі ғылыми зерттеу институты.

Цементтің үш түрі барпортландцемент М400 ДО, М400 Д20, ШПЦ және М500 ДО. Арнайы өтінімдер бойынша мұнда 700 және 800 маркалы цемент өндіріледі, ол әскери және аэроғарыштық объектілердің, метрополитендердің құрылысында қолданылады.

Кәсіпорында тампонажды цемент өндіруге API Spec. 10А лицензиясы бар.
2019 жылдан бастап кәсіпорында сапа менеджменті, экологиялық менеджмент,
энергоменеджмент жүйесі стандарттарының талаптарына сәйкестігіне сертификатталған
интеграцияланған менеджмент жүйесі жұмыс істейді: API Q1, ISO 9001:2015 (ҚР СТ ИСО 90012016), ISO 14001:2015 (ҚР СТ ИСО 140012016), ISO 50001:2011 (ҚРСИСО 500012012).

Кәсіпорында сапа, еңбекті қорғау, экология, энергоменеджмент саласындағы ниеттер мен бағыттарды қамтитын, сондайақ кәсіпорын шығаратын өнімнің тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетініне, пайдалануда қауіпсіз және қоршаған ортаға зиян келтірмейтініне сенімділікті қамтамасыз ететін интеграцияланған менеджмент жүйесі (ИМЖ) құрылды.

«Standard Cement» ЖШС-да ИМЖ талаптарын іске асыру үшін қажетті құралдары мен білікті персоналдары бар. Кәсіпорынды қажетті ресурстармен және ақпаратпен қамтамасыз етуге жоғары басшылық жауапты.

Standard Cement компаниясының барлық қызметі өнімді тұтынушылардың қажеттіліктері мен үміттерін қанағаттандыруға, шығарылатын өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге және жеткізушілермен, басқа да іскер серіктестермен әріптестік қатынастарды орнатуға бағытталған.

Бұл Қазақстанда цементті «құрғақ тәсілмен» өндірумен айналысатын жалғыз кәсіпорын, мұндай өндірістер әлем бойынша жиырмадан аспайды. Ылғалды әдіс экологияға зиянды, бұл ескірген технология.

Цемент қалай жасалады? Бастапқыда дымқыл әктас пен саз ұсатқыштарда ұсақталып, арнайы кептіру барабандарында кептіріледі. Содан кейін компоненттер диірменге түсіп, араластырылады.

Алынған шикізат химиялық құрамды коррекциядан өтіп, шахта пештеріне жөнелтіледі. Бұл бірінші кезеңде шикізатты сумен аралас- тыруды көздейтін дымқыл әдіске қарағанда, күйдіру шығындарын айтарлықтай азайтады. Құрғақ өндіріс әдісімен энергия шығыны шамамен 1,5-2 есе азаяды.

Студенттік кезінен бастап ғылыммен айналысатын компания басшысы С.Сейітжановтың бастамасы мен қытайлық серіктестерге фосфор қождарын қосу технологиясы ұсынылды және бұл ұсыныс мақұлданды.

«САУТС- ОЙЛ» басшысының тағы бірмаңызды бастамасы – гидрооқшаулау мақсатында ұңғымаларды цементтеу үшін мұнай кен орындарында қолданылатын тампонажды цемент шығару жобасын енгізу. Бұл мұнай кәсіпшілігінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға және өндірістің қазақстандық құрамдас бөлігін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Жоғары сапалы цементке сұраныс орасан зор және тұрақты артып келеді.

2015 жылы Астана қаласында бетон торабын салу туралы шешім қабылданды және Standard Cement т.б. сияқты ірі құрылыс компаниялары «EXPO 2017» үшін нысандар тұрғызды.

2018 жылы Қазақстан өз тарихында алғаш рет, соның ішінде кеңестік кезеңді қоса алғанда, цементтің нетто-экспортшысы болды. Зауыттың теңгерімінде бірнеше карьерлер бар – көмір, әктас, кен, саз, құм, олар кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз етеді, жеке теміржол және автомобиль парктері бар, кәсіпорын сыртқы жеткізушілерге тәуелді емес.

Өз электр энергиясы да бар-Кенлік кен орнында ілеспе газды қайта өңдеу зауыты электр энергиясын да өндіреді, оның бір бөлігі зауыттың қажеттіліктеріне жұмсалады. Карьерлерден бастап қаптамаға дейінгі бүкіл өндіріс циклі сақиналанған. Жергілікті бюджет және республикалық бюджетке жыл сайынғы салық есептеулері шамамен 5-7 млрд. теңгені құрайды.