Жобаны іске асыру Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтарал, Жетісай және Шардара аудандарының 1 миллионнан астам тұрғынын таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, сондай-ақ өңірдегі электр энергиясының тапшылығын ішінара төмендетуге мүмкіндік береді. Тағы бір болжамды ықпал – сапасыз суды тұтынудан туындаған аурулардың айтарлықтай төмендеуі.

Жоба елдің стратегиялық сумен жабдықтау объектілерінің тізіміне енгізілген. Іске асыру кезеңі-2021-2025 жылдар. Жобаның тұжырымдамасы әзірленді және ҚР Үкіметімен келісілді. Қытайлық Power China компаниясымен EPC келісімшарты жасалды. Қазіргі уақытта ТЭН мен жұмыс жобасын әзірлеу жүргізілуде.

Гидроэнергетика-экономиканың сұранысқа ие саласы, ал жаңа ГЭС Түркістан облысы мен Шымкентте электр энергиясының тапшылығын жабады. Өгем ГЭС қуаты бойынша Шарын өзеніндегі Мойнақ ГЭС-пен салыстыруға болады.

ГЭС каскадын салу кезінде құрылысқа 500-ге дейін адам қатысады, іске қосылғаннан кейін жаңа нысанда 100 маман жұмысқа орналасады. 10 жыл ішінде жоспарланған салық түсімдері — 46,3 млрд. теңге.