«САУТС-ОЙЛ» компаниясының жаңа жобалары — әртараптандыруды кеңейту жолы

Әртараптандыру негізінде мұнай өндіру ұйымдарының экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделудің тиімді құралдары- ның бірі болып табылады.

Өндірісті әртараптандыруды дамыту экономика мен өнеркәсіптің болашақ жағдайына бағытталған бизнес-модельдер құруды талап етеді. Қазіргі уақытта инновациялық дамуды іске асыру жөніндегі шаралар мен техноло- гиялар кешені ретінде әртараптандыру стра- тегиясын әзірлеу және іске асыру мүмкіндігі маңызды басқару дағдысына айналуда.

«САУТС-ОЙЛ» компаниясы өңірлер мен Қазақстан экономикасының дамуына елеулі әсер ететін мемлекеттік маңызы бар бірқатар ауқымды жобаларды іске қосты. Жобалар портфелінде- химиялық, мұнай және таукен өңдеу өндірістері, зауыттар мен комбинаттар, электр станциялары мен медициналық мекемелер бар.

Инвестициялық жобаларды енгізу жоспары

2023 жыл — 2 жоба

• Мұнай-химия зауыты.

• Көмір-химия кешені

2024 жыл — 4 жоба

• «Састөбе» химиялық кешені

• Фосфорит кендерін өңдеу зауыты (1 кезең)

• Түлкібас ауданындағы газ электр станциясы

• Натрий цианидін өндіру

2025 жыл — 4 жоба

• Өгем өзенінде ГЭС каскады бар су құбырын салу

• 800 төсек-орындық көбейінді аурухана

• Фосфорит кендерін өңдеу зауыты (2 кезең)

• ШҚО-дағы мыс-байыту комбинаты

Жаңа нысандарды іске қосу бойынша жұмысында «САУТС-ОЙЛ» компаниясы экологиялық нормаларды сақтайды және қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған шараларды қабылдайды. Барлық объектілерде өндірістің қалдықсыз циклін және қоршаған ортаға шығарындылардың нөлдік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи технологияларды қолдану көзделген.

10 жыл ішінде жаңа кәсіпорындар бюджетке салық ретінде шамамен 600 млрд. теңге аударады. «САУТС-ОЙЛ» жаңа нысандарында 8 500-ден астам адам жұмысқа орналасады және тұрақты табыс табады.