Rixos Turkistan — ежелгі қаланың жаңа үлгісі. Ежелгі Түркістан – Қазақстанның оңтүстігіндегі туристерді тартудың маңызды орталығы. Дәл осы жерде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, ортағасырлық сәулет өнерінің інжу-маржаны және жаппай мінәжат орны орналасқан.

Түркістанға күн сайын қонақтар келеді, олардың арасында халықаралық ұйымдар да бар.
Қонақтарды қарсы алу үшін жаңа облыс орталығында бес жұлдызды Rixos Turkistan қонақ үйі
салынды.

«Мұнай Құрылыс Сервис» компаниясы Rixos брендінің қонақ үйін екінші рет салып жатыр, әлемге әйгілі брендтің алғашқы қонақ үйі Шымкентте 2014 жылы бой көтерді.

Ал Түркістан қаласында Rixos Turkistan қонақ үйі 2020 жылдың қараша айында салтанатты түрде
ашылды. Ресми рәсімге екі елдің – Қазақстан мен Өзбекстанның премьер-министрлері қатысты.
Қонақ үй 18 айда салынды, жобаның құны – $50 млн. Әлемдік деңгейдегі қонақ үй қала үшін
жүзден астам жұмыс орнын құруды қамтамасыз етті.

Rixos Turkistan қонақ үйін тұрғызумен қатар, әзірлеушілер ежелгі қаланың атмосферасы мен рухын сақтауға тырысты. Ғимарат Түркістанның келбетімен үйлеседі, оның тарихи және сәулеттік
ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Жеті қабатты қонақ үй Түркістанның киелі орны – Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен биік емес. Лоббидің орталық элементі кесененің символы – Тайқазан, бірлік пен мейірімділіктің символына айналды.

Rixos Turkestan-да бес жұлдызды қонақүйге халықаралық стандарттар мен нормалар бойынша қажет нәрсенің бәрі бар – бизнес орталықтары мен конференц-залдар, алты кино- театр және бірнеше мейрамхана және әртүрлі санаттағы 120-дан астам кең бөлмелер. Rixos қонақ үйі аз уақыт ішінде жаңартылған Түркістанның туристік инфрақұрылымының маңызды нысандарының біріне
айналып шыға келді.

Қонақ үйде шығармашылық кездесулер мен басқа да мәдени іс-шаралар өткізілетін Оzge Epic
шығармашылық орталығы бар. Қонақ үй тек қонақтар үшін ғана емес, Түркістан қаласының
тұрғындары үшін де сүйікті демалыс орнына айналып үлгерді. Мұнда The Voice karaoke
караокесінде керемет көңіл-күймен кеш өткізуге, Rixos Spa немесе «Kazakh Asia» жан тербетер
мейрамханасына баруға болады.