Жоба өңірдегі электр энергиясының тапшылығын жабуға бағытталған, өйткені газды пайдалану электр энергиясын өндіру құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру кезеңі — 2021-2024 жылдар. Электр станциясы ТМД елдерінде баламасы жоқ энергетикадағы ең жаңа әзірлемелерді пайдаланатын болады.

Жобаны Энергетика министрлігі мақұлдады, жобаны табысты іске асыру үшін қажетті газ көлемін алу мәселелері шешілді. Жаңа энергетикалық өндіріс оңтүстік өңірлердің энергетикалық жүйесі үшін маневрлік қуаттардың жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Алдын ала ТЭН әзірлеу, сондай-ақ объект аумағында іздестіру жұмыстары аяқталды. Қытайлық China tianchen Engineering Corporation (TCC) компаниясы мен EPC-келісімшар жасалды. Газ бен жабдықтауға техникалық шарттарды алу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. объектінің құрылысына 750 адам жұмылдырылады, ал станция іске қосылған- нан кейін мұнда 200 маман жұмысқа орналасады. 10 жыл ішінде жоспарланған салық түсімдері — 96 млрд. теңге.