«Недра Ком» ЖШС Тағы бір «Недра Ком» өндіруші компаниясы Ақсай учаскесінде көмірсутектерді барлау мен өндіруді жүргізуге арналған 2019 жылғы 15 наурыздағы №4705-УВС-МЭ келісімшартының негізінде жұмыстар жүргізеді.

Ақсай жер қойнауы учаскесі әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасы Қызылорда облысының Тереңөзек ауданына жатады.

2019 жылы «Ақсай учаскесінде көмірсутектерді іздеу бойынша барлау жұмыстары- ның жобасы» (ҚР ЭМ бекіткен 15.03.2019ж. №4705-УВС-МЭ келісімшартына сәйкес) әзірленді. Осы жобаның негізінде 2020 жылы құрылымда Ақсай-1 ұңғымасы бұрғыланды.

Ұңғымада 1569-1592 м аралықтан тәулігіне 8 м3 дебитпен мұнай ағыны алынды.
2020 жылы «Ақсай кен орнының өнімді арысқұм көкжиегі бойынша Оңтүстік-Батыстық жағындағы мұнай және еріген газ қорларын жедел есептеу» есебі жасалды.

Соңғы есеп негізінде Ақсай кен орнының оңтүстік-батысын сынамалық пайдалану жобасы жасалып, ҚР Энергетика министрлігінен оң қорытынды алынды. Бұл жоба бойынша ұңғымаларды бұрғылау және көмірсутектерді өндіру жүргізіледі. Сол жылы «Ақсай учаскесінде көмірсутектерді іздеу бойынша барлау жұмыстарының жобасына қосымша» әзірленді. Ақсай-2 барлау ұңғымасын бұрғылау нәтижелері бойынша мұнай ағыны да алынды.