«Созақ Фосфат» ЖШС Қазақстан әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті заманауи экономиканы дамыту жолымен дәйекті алға басуда. Осындай өндірісті құруға арналған жобалардың бірі «Созақ Фосфат» кәсіпорны базасында кешенді минералдық тыңайтқыштар мен өзге де күрделі химиялық өнімдер өндіретін кешен салу болып табылады.

Инвестициялық жобаны іске асыру ҚР Президентінің қаулыларына және өнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес басталды.

БОЛАШАҚ КЕШЕННІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҒЫНЫҢ БЕС НЕГІЗГІ СИПАТТАМАСЫ

1. Инвестициялық жобаны іске қосу кезінде кешен Түркістан және Жамбыл облыстарындағы карьерлерде өндірілетін және байытылатын өзінің фосфорит кенін пайдаланатын болады. Кешенді тыңайтқыштар өндіру үшін өз шикізатымен жарақтандыру – өндірістің сыртқы жеткізушілерге тәуелділігін азайтуға мүмкіндік беретін кәсіпорынның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етудегі маңызды кезең.

2. Тыңайтқыштар өндірісінің таңдалған технологиясы әлемдегі жетекші өндірушілер
қолданатын инновациялық болып табылады. Бұл технология бойынша өндірістің Қазақстанда баламасы жоқ.
3. Жаңа кешен таңдалған технологиялар арқылы қоршаған ортаға жүктемені төмендетеді.

4. Кешен отандық ауыл шаруашылығының фосфор тыңайтқыштарына деген қажеттілігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар Қазақстанға әлемдік нарықта таза экспорттаушы болуға
мүмкіндік береді. Бұл біздің ел экономикасының әлемдік нарықтағы тұрақты бәсекелестік
позициясына тағы бір маңызды қадам – бұл жағдайда әлемде қажеттілігі тұрақты өсу үстіндегі фосфор тыңайтқыштары саласы.

5. Кешеннің перспективалық бағыты күрделі минералды тыңайтқыштарды, сондайақ
фармацевтика саласына, қорғаныс өнеркәсібіне және энергия тасымалдаушы құрылғыларды өндіруге арналған өнімдерді өндіру болып табылады.

Үшбас кен орнына және басқа учаскелерге (ҚПҚ – фосфориттерді барлауға үш лицензия бар) компания қорлардың өсуі бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуде. Жұмысқа ірі мердігерлік ұйымдар, соның ішінде бұрғылау, каротаж және геофизикалық компаниялар тартылды. Қытайлық CNBM компаниясымен бірлескен геологиялық барлау жүргізілді. Бүгінгі таңда «Созақ фосфаты» теңгеріміндегі фосфорит кендерінің жалпы қоры 1 млрд.тоннадан асады. Кешеннің құрылысы жоспарланып отырған учаскеде топографиялық, геологиялық ізденістер мен гидрогеологиялық зерттеулер жүргізіледі. Сонымен қатар, халықаралық компаниялармен базалық жобаны әзірлеу және объектіде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы келіссөздер жүргізілуде. Әріптестердің бірі — химия саласының көшбасшысы болып табылатын халықаралық қытайлық TСС компаниясы.

Өнімге өзекті сұранысты зерттеу бойынша жұмыс тұрақты жалғасуда, бұл қазіргі заманғы маркетингтің маңызды элементі. Бұл бағытта компания әлемге әйгілі маркетингтік агенттіктермен тығыз жұмыс істейді. Олардың зерттеулері бүкіл әлемде фосфор тыңайтқыштарының қажеттілігіньрастайды. Еуропа, Азия, Оңтүстік Америка, Үндістан және басқа елдердің нарықтарына экспорттауға мүдделі «Созақ Фосфат» өнімдерін минералды тыңайтқыштардың ірі трейдерлерімен ынтымақтастық орнатылуда.

Кешен «Созақ Фосфатында» 700-ден астам жұмыс орнын және карьерде/байыту фабрикасында 300-ден астам жұмыс орнын құруды көздеуде. Персоналды іріктеу бойынша жұмылдыру жоспарлары әзірленді. Жоба командасы ҚР жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Болашақ өндірістер мен жоғары оқу орындарындағы ұйымдар түріндегі оқу орындары арасында білім берудің бейінді бағдарламалары, компания кәсіпорындарының жұмыс орындарына ЖОО түлектерін тартуға жәрдемдесу ынтымақтастығы жолға қойылуда. Мұндай ынтымақтастық белгілі бір кәсіпорынның міндеттеріне кадрлар даярлау дәстүрін жандандыруға ықпал етеді.