Өндірісте ТМД елдерінде баламасы жоқ жаңа технологиялар трансферті көзделген. Бұл бірегей WR технологиясын қолдану (құйынды ректификация). Технология газдинамикалық әсерлерге негізделген, ол көмірсутек шикізатын (мұнай, газ конденсаты, мұнай шламдары, көмір, шымтезек) тиімді өңдеуге мүмкіндік береді.
Жобаны іске қосу жанар-жағармай тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді және бағаны ұстап тұруға әсер етеді. Қазіргі уақытта зауыттың құрылысы жүргізілуде, бірінші кезең 50%-ға аяқталды. Жабдықтың негізгі бөлігі төленді. I кезеңді пайдалануға беру 2023 жылдың соңына дейін жоспарланып отыр.
Зауыт құрылысына 850 маман жұмылдыры- лады, ал іске қосылғаннан кейін жаңа кәсіпорын 650 адамды тұрақты жұмысқа қабылдайды.
10 жыл ішінде ел бюджетіне салық түсімдері — 125 млрд. теңге.