Компания жылдан жылға өсіп, дамып келеді. 2021 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жариялаған көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукциондардың қорытындылары бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге жаңа келісімшарттар жасалды.

 

Сауда-саттыққа қатысушылар үшін белгілі бір талаптар айтылды, мысалы, барлау ұңғымаларын бұрғылау, 2Д сейсмикалық барлау, кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз үлесі басшылар мен олардың орынбасарлары бойынша кемінде 50%, құрылымдық бөлімшелердің басшылары бойынша — 80%, мамандар бойынша — 90% және білікті жұмысшылар бойынша — 100% болуы тиіс.

Тізімде Атырау, Батыс Қазақстан, Ұлытау және Қызылорда облыстарында орналасқан жаңа учаскелер пайда болды. Компаниялар тобы жаңа кәсіпорындармен толықты, қосымша жұмыс орындары ашылды.

 

ҚАРАБАУ УЧАСКЕСІ

«Қарабау Петролеум» ЖШС Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында орналасқан Қарабау учаскесі бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционының жеңімпазы болып анықталды. Учаскенің ауданы – 1691,92 км2.

БАЛҚҰДЫҚ УЧАСКЕСІ

«Балқұдық Мұнай» ЖШС Атырау облысы учаскесі бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру аук- ционының жеңімпазы атанды. Учаскенің ауданы – 2552,58 км2.

 БЕГАЙДАР УЧАСКЕСІ

«SapaInvestment» ЖШС Атырау облысы Бегайдар учаскесі бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционының жеңімпазы болып анықталды. Учаскенің ауданы – 2860,6 км2.

ҚҰМКӨЛ УЧАСКЕСІ

«Құмкөл Ойл» ЖШС Қарағанды және Қы- зылорда облыстарындағы Құмкөл маңындағы учаске бойынша көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру аукционының жеңімпазы болып анықталды. Учаскенің ауданы – 1631, 7км2.