2023 жылдың 3 шілде күні Шымкент қаласы Шәмші Қалдаяқов аллеясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Диплом табыстау-2023» салтанатты мерекелік іс шарасы өтті. Іс шараға Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Асылов Қуаныш Жұмабекұлы, ОҚМА АҚ құрылтайшысы Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлы, Шымкент қаласы ЖОО ректорлары, Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты ауруханалардың бас дәрігерлері, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен қалалық ауруханалар мен емханалардың бас дәрігерлері, Шымкент қаласы білім басқармасының өкілі және де фармация саласы компанияларының басшылары қатысты. Биыл медицина академиясын 1000-нан астам түлек бітірді. Оның ішінде қызыл дипломға бітірген түлектер – 47, магистратура түлектері-34, интернатура түлектері – 175, жалпы медицинаны 192, стоматология мамандығы бойынша -77, педиатрия -11, қоғамдық денсаулық сақтау – 6, мейіргер ісі бойынша -29, фармация мамандығы бойынша -97, фармация өндірістік технология бойынша -117, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы Медицина колледжін – 62 түлек бітіріп шықты. Сонымен қатар медицина академиясын 136 алыс шет елдік студент бітірді (Үндістан). Бұған докторантураны бітірген түлектерді де қосуға болады. Келген қонақтар түлектерге диплом табыстап, өздері де осы академияның түлектері екенін айтып ақ жол тіледі.

Мерекелік іс-шараны салтанатты түрде Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Асылов Қуаныш Жұмабекұлы мен ОҚМА АҚ құрылтайшысы Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлы ашып, академияның бітіруші түлектеріне символикалық «Диплом» мен үздік бітірушілердің қызыл дипломдарын табыстады.

Қуаныш Жұмабекұлы құрылтайшы Серікжан Сейтжанұлы тарапынан денсаулық сақтау ісіне қосып жатқан бірқатыр еңбектерін атап өтті. Оның ішінде 1000 орындақ замануи жабдықталған Университетттік клиниканың құрылысының басталғанын, клиника іске қосылса Орта Азияда теңдесі жоқ алдыңғы қатарлы аурухана мен емханаға тұрғындар қол жеткізетінін, медициналық туризмнің жолға қойылатынын айтты.

Кештің республикалық эстрада әншілерінің қатысуымен концерттік бағдарламаға жалғасты. Және де студенттердің сұранысы бойынша жастар арасында танымал кештің жарық жұлдызы Садраддин арнайы шақырылып, жастармен бірге ән шырқады.