Үлкен қаланың бес жұлдызды қонақ үйі әрқашан туристік, коммерциялық және көркемдік векторлар біріктірілген конгломерацияға айналып келеді. Мұнда ең маңызды қонақтар тоқтайды, конференциялар мен маңызды кездесулер өтеді, көрмелер мен концерттер ұйымдастырылады, жүрекке жағымды жеке іс-шаралар өтеді.
Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйі Шымкент тұрғындары мен қонақтары үшін дәл осындай
көпфункционалды кешенге айналды. Мұнда беделді қалалық ортаның маңызды элементтері – ең жақсы мейрамханалар мен дүңгіршектер, фитнес-орталықтар мен кеңселер орналасқан.
Шымкент қаласының жайлы бұрышында орналасқан Rixos қонақ үйі қала тұрғындары мен қонақтары үшін бұрыннан таныс, Шымкент қаласының визит карточкасына, оның мақтанышына айналды.
Әлемдік өлшем бойынша Шымкенттегі Rixos қонақ үйі барынша жас, оған 10 жыл да болмады. Бұған дейін Қазақстанның үшінші ме- гаполисінде бес жұлдызды қонақ үй болмаған, ал өсіп келе жатқан қалаға айтулы қонақтар, халықаралық делегациялар, шетелдік инвесторлар мен сарапшылар үнемі келіп тұратын жоғары деңгейлі қонақ үйге деген қажеттілік айтарлықтай сезілді.
«САУТС-ОЙЛ» басшысы С.Сейiтжанов облыс басшылығына Шымкентте Rixos қо- нақ үйін салу туралы өз ұсынысын білдірді, бұл желі бүкіл әлем бойынша елеулі беделге ие. Құрылыс 2013 жылы басталды, «Мұнай Құрылыс Сервис» компаниясы бас мердігер болды, жобаның құны – 80 млн. доллар.
Rixos Khadisha Shymkent қонақ үйінің көз тар- тарлық керемет ғимараты қалада 2014 жылдың соңында пайда болды және бірден Шымкент қаласының көркін келтірген ғимаратқа айналды.
Биік ғимараттың авторы – Норман Фостер, әлемге әйгілі сәулетші, ол өз уақытында Астанада «Бейбітшілік және келісім сарайы» мен «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығын жобалаған.
12 қабатты әсем ғимарат Италия мен Түркиядан әкелінген табиғи ақ мәрмәрмен қапталған. Залдың ортасында экзотикалық өсімдіктері бар ботаникалық бақ орналасқан. Залдың үлкен бөлмесінің төбесі ашық, бұл ғимаратты табиғи түрде жарықтандыруға үлес қосып тұр.
Қонақ үй қонақтарға – ең жаңа технологияны қолданып жасалған классикалық стильде
безендірілген 177 кең бөлме ұсынады. Кейбір бөлмелер тек әсемдігімен ғана емес, ауқымымен де таң қалдырады, олардың ауданы — 35-тен 450 шаршы метрге дейін. Президенттік нөмір – қонақ үйдегі ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша ең ауқымдысы – 450 шаршы метрді құрайды.
Қонақ үй конференцзалдарды, үйлену тойларына, сән көрсетілімдеріне, конференциялар мен семинарларға арналған сәнді банкет залын, келіссөздер мен кездесулер залын ұсынады.
Rixos Khadisha Shymkent-те SPA және фитнес-орталықтар, хауыз, жоғары деңгейдегі ас үй жұмыс істейді, қонақтарға ең жоғары қызмет көрсету сервисі мен қажетті қызметтердің толық жиынтығы ұсынылады.
Қонақ үйдің тағы бір рөлі – іскерлік іс-шараларға арналған конференцзалдар, студенттердің «жол картасы» және дуальды оқыту бағдарламасы бойынша тәжірибеден өту орны десе болады.
Қонақ үй бизнесі ең жылдам дамып келе жатқан салалардың бірі болып табылады, бұл индустрия бүкіл туристік саланың негізі деуге болады, сонымен қатар қонақ үй бизнесін дамыту экономиканың басқа бағыттарының дамуын ынталандырады. Ал шымкенттік Rixos қонақ үйі өзінің жұмыс істеген жылдарында Шымкент қонақжайлылығының нағыз символына айнала отырып, осы қағиданы дәлелдей түседі.