2023 жылы «Саутс-Ойл» компаниясы өзінің корпоративтік жауапкершілігін дамытуда тағы бір сатыға көтерілді. «Серікжан Сейтжанов атындағы қоғамдық-қайырымдылық қоры» құрылды.Қордың қоғамдық мақсаттарына халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау және қорғау, білім беру, медицина, ғылым, мәдениет және рухани даму, дене шынықтыру және бұқаралық спорт саласындағы қызметке жәрдемдесу кіреді.

ҚОР МИССИЯСЫ

Білім беру және әлеуметтік бағдарламаларға инвестиция салу арқылы адамдардың өмір сүру сапасына оң әсер ететін және елдің саналы азаматтарының ұрпағын қалыптастыруға ықпал ететін ұзақ мерзімді өзгерістерді қамтамасыз ету.

БІЗДІҢ ҚАҒИДАТТАРЫМЫЗ

  • Ашықтық

    Біз өз қызметіміздің барынша ашықтығына ұмтыламыз, қабылданған ережелерді нақты ұстанамыз, өз жұмысымыздың барысы мен нәтижелері туралы серіктестер мен қоғам алдында есеп береміз.

  • Кәсіпқойлық

    Біз қызмет салаларындағы кәсіби стандарттарға назар аударамыз, қайырымдылық қызмет салаларындағы үздік тәжірибені іздейміз және қолданамыз.

  • Жауапкершілік

    Біз өз қызметіміз үшін жауаптымыз, шешімдеріміздің негізінде — объективті, тексерілген және барынша толық ақпарат.

  • Тұлғалыққа назар аудару

    Біз жеке құндылықтардың, пікірлердің, дүниетанымдардың алуан түрлілігіне құрметпен қараймыз, әр адамды өзінің бірегейлігі үшін бағалаймыз.

  • Нәтижеге ұмтылу

    Біз нақты, өлшемді практикалық нәтижелерге және олардың ұзақ мерзімді әсеріне назар аударамыз.

ҚОР БАҒДАРЛАМАСЫ

Білім беру саласы

Оқуға ынтасы бар талапкерлерге арналған Серікжан Сейтжанов атындағы грант (ОҚМА және Шымкент инновациялық колледжімен бірлесіп).

Серікжан Сейтжановтың медицина және денсаулық сақтау саласындағы жас ғалымдарға арналған «жаңа есімдер» стипендиясы (ОҚМА-мен бірлесіп).

Шымкент инновациялық колледжінде жоғары технологиялық кәсіпорындар үшін мамандарды нысаналы даярлау және қайта даярлау.

Әлеуметтік сала

Күнтізбелік іс- шараларға сәйкес гуманитарлық және қайырымдылық бағдарламалары – фестивальдар ұйымдастыру, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған балалар үйлері мен мекемелеріне көмек көрсету.

Басқа қайырымдылық акциялары (бекітілген жоспарға сәйкес).

Рухани және адамгершілік даму

Қор теңгерімінде тұрған мешіттің ағартушылық қызметін қолдау.

Мешіт қызметкерлерімен бірлесіп әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру.

Этносаралық және конфессияаралық деңгейлердегі бітімгершілік саласындағы мешіттегі медресе және білім беру орталығының оқушыларымен бірлескен іс-шаралар.

Мешіт қызметкерлерімен бірге отбасы, ана және бала институтын қолдау. Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған аз қамтылған отбасылар мен аналарды қолдау.

Ақпараттық сала

Компания айналысатын бизнес-құрылымдардың жобалары мен инновациялық жобаларды ақпараттық сүйемелдеу. Медиа жоспарлау, жаңалықтар дайындау, БАҚ-та жарияланымдарды бастау, PR- және промо-акцияларды дайындау

Баспасөз іс-шараларын: баспасөз турлары, баспасөз ланчтары, баспасөз конференциялары және брифингтер дайындау және өткізу.

Жарнамалық және өкілдік полиграфиялық өнімдерді әзірлеу және дайындау.

Компания туралы контентті әлеуметтік желілерде, компанияның веб-сайтында БАҚ-та және басқа ресурстарда орналастыру және жаңарту.

Спорт және дене шынықтыру

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жалпы білім беретін мектептер мен мекемелерде үстел теннисін жалпыға қолжетімді спорт түрі ретінде танымал ету.

Жалпы білім беретін мектептерде, интернаттарда, балалар үйлерінде үстел теннисі үйірмелерін ұйымдастыру.

Дарынды спортшыларды қолдау (Үстел теннисі федерациясымен бірлесіп)

Жетекші спортшылардың қатысуымен жыл сайынғы «Сенің берісің» турнирін ұйымдастыру.