
Бүгін, 24-мамыр күні Шымкент қаласында жиналған қауым алдында жаңа мешіт есігі салтанатты түрде ашылды.
Сейітжан қари Есжанұлы атындағы Үлкен мешіт қаланың әкімшілік-іскерлік орталығына көрік беріп, Шымкент қаласының тағы бір маңызы жоғары символына айналатыны сөзсіз. Бұл мешіт қала тұрғындарының қонақжайлығы мен достығының, мейірімділігі мен жоғары руханилығының дәлелі болмақ.