Медициналық білім — даму векторларының ажырамас бөлігі
Қазақстанда сапалы медициналық білімге деген сұраныс жыл сайын артып келеді. Елдің медициналық мекемелеріне жаңа технологиялармен танысуға және дағдыларды жетілдіруге дайын жоғары білікті мамандар қажет. Бірақ дәрігер мамандығы – рухы мықты және адамзатқа жанқиярлықпен берілген қамқоршының тағдыры, өйткені оқу процесі университеттегі оқумен шектелмейді, өмір бойы жалғаса береді.
Медициналық жоғары оқу орындары оқытудың жаңа бағдарламаларын әзірлейді және енгізеді, оқу практикасынан өту үшін клиникалық базалар санын кеңейтеді, оқыту бағдарламаларын әзірлейді.
Еліміздің қарқынды дамып келе жатқан медициналық жоғары оқу орындарының бірі 1979 жылы құрылған Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы болып табылады.
ЖОО ректоры — Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, клиникалық және іргелі медицина ғылым академиясының академигі.
ОҚМА МИССИЯСЫ
Бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау саласында танымал көшбасшы болу.
ОҚМА МАҚСАТЫ
Зерттеу университеті мәртебесін алу Медициналық білім сапасы – ғылым мен практиканың бірлігі ОҚМА техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейінде және одан әрі үздіксіз кәсіптік даму деңгейінде медициналық және фармацевтикалық кадрларды, сондай-ақ бакалавриат деңгейінде фармацевтикалық өндіріс үшін инженер-технологтарды даярлауды жүзеге асырады.
Барлық білім беру бағдарламалары оқытудың барлық деңгейлері бойынша Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігімен (IAAR) аккредиттелген.
Соңғы жылдары академияда білім алушылар саны бір жарым есеге артты, қазіргі уақытта білім алушылар контингенті 7000–нан асады, оның 1500-ге жуығы шетелдік студенттер.
Кафедраларда жоғары білікті мамандар: медицина фармацевтика ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, жоғары санатты дәрігерлер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігерлері, Қоғамдық және ұлттық ғылым академияларының академиктері, «Денсаулық сақтау үздігі», «ҚР жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы», «ҚР жоғары оқу орындарының үздік ғалымы» белгілерінің иегерлері жұмыс істейді. ОҚМА дәрежелігі 40%-ды құрайды.
Көптілділік саясатын іске асыру шеңберінде 3 тілде оқыту жүргізіледі. Кадрларды даярлау жұмыс берушілермен тығыз өзара іс-қимылда жүзеге асырылады; оқытудың дуальды моделі іске асырылады. Білім беру процесіне модульдік білім беру бағдарламалары енгізілді, симуляциялық технологиялар және клиникалық оқытуда стандартталған пациенттер, оқытудың белсенді әдістері кеңінен қолданылады.
2022 жылы «Атамекен» ҰКП және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі өткізген білім беру бағдарламаларының ұлттық рейтингінің нәтижелері бойынша ОҚМА жетекші орынға ие болды.
Бүгінгі таңда 44 кафедраның 19-ы клиникалық болып табылады, олар 42-ден астам клиникалық базада білім алушыларды практикалық даярлау үшін барлық мүмкіндіктерге ие. Шымкент қаласының медициналық ұйымдарында орналасқан ОҚМА үй-жайларының жалпы ауданы соңғы үш жылда 3000м2-ден 5000м2-ге дейін ұлғайды.
Фармацевтика факультетінің бакалаврларын даярлау білім алушылардың кәсіби дағдыларын бекіту үшін қажетті заманауи жабдықтармен жарақтандырылған 17 мамандандырылған оқу- ғылыми зертханаларда: дәрілік заттарға фармацевтикалық талдау жүргізу; өндіріске барынша жақын жағдайларда экс- темпоралды және өнеркәсіптік өндірістің дәрілік препараттарын дайындау; дәрілік өсімдіктер мен шикізатты дайындау, кептіру, сақтау және талдау жүзеге асырылады.
Жергілікті желіге біріктірілген және интернетке қосылған (жылдамдығы 600 Мбит/с) лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуі бар заманауи компьютерлермен, типографиялық және басқа да жаңа буын жабдықтарымен жабдықталған компьютерлік-тест және баспа орталығы жұмыс істейді.
ОҚМА-да білім алушылар мен ПОҚ-ты білім алу тілдері бөлінісінде оқу пәндері мен білім беру бағдарламаларының блоктары бойынша оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттермен және халықаралық толық мәтінді дерекқорларға қолжетімділікпен қамтамасыз ететін кітапханалық- ақпараттық орталық бар.
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Студенттер мен оқытушылар ғылыми зерттеулермен белсенді айналысады. Тек 2022 жылы ОҚМА қызметкерлері Scopus және Web of Science әлемдік дерекқорларымен индекстелген рецензияланған журналдарда 50 мақала жариялады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Дәйексөздер саны- 4379. Зерттеу жұмыстары 18 ғылыми-техникалық жоба аясында жүргізілуде, оның 9-ы 2018 жылы басталды.
ОҚМА Шымкент қаласында, Түркістан және Қызылорда облыстарында «ҚРда дербестендірілген және алдын алу медицинасын енгізудің ұлттық бағдарламасын» іске асыру шеңберінде бірлесіп орындаушы ретінде нысаналы қаржыландыру бағдарламасына қатысады, тақырыбы – «ҚРда инфекциялық емес аурулардың қауіп факторларының таралуы: көлденең зерттеу».
Конференцияларға қатысу деңгейі, оның ішінде қызметкерлердің (420дан 428ге дейін) және студенттердің (280ден 394ке дейін) жарияланған тезистерінің саны артты. Қорғау құжаттарына қатысты да осындай оң динамика байқалады: соңғы үш жылда профессор-оқытушылар құрамы 32 патент, 2 халықаралық патент, 82 авторлық куәлік, 120 кітап, монография, оқу құралдарын алды. Тағы бір маңызды және қызықты жаңалық — 2020 жылдан бастап академияда «Central Asian Journal of Medical Hypotheses and Ethics» (CAJMHE) ғылыми журналы шығарылады, ол Clarivate Analitics компаниясының Web of Science платформасының құралдарының бірі болып табылатын Publonsқа, сондайақ NCBI дерекқорына (Pubmed) кірді.
Академия жыл сайын жас ғалымдар мен студенттерге арналған халықаралық ғылыми
конференция өткізеді. Әлемдік медициналық қоғамдастықпен ынтымақтастық ауқымы артып келеді. ОҚМА кафедралары Қазақстанның, Түркияның, Ресейдің, Өзбекстанның, Башқұртстанның, Татарстанның, АҚШтың, Иранның жетекші ғалымдарының қатысуымен халықаралық конференциялар, шеберлік сыныптарын өткізеді. Бұл ісшаралар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен халықаралық ғылыми практикалық конференциялар тізіміне енгізілген. Міне, беделді халықаралық форумдардың бірнеше мысалдары:
• Профессор Холден Генри (Ұлыбритания), академик С. Иллариошкин (Ресей), профессор Оскар Джидем (Түркия) және т. б. қатысуымен «Клиникалық неврология мен психиатрияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми практикалық конференция
• «COVID 19 және Орталық Азияның басқа да өзекті инфекциялары» халықаралық ғылыми практикалық конференциясы. Оған ККГБ зерттеу саласындағы жетекші әлемдік ғалымдар қатысты: Наталья Пшеничная (Ресей), Марям Кешткар (АҚШ), Хакан Леблебисиоглу (Түркия), Масуд Мардани (Иран), Люсиль Блюмберг (Оңтүстік Африка), Озлем Азап (Түркия).
Күшті және тиімді ғылыми-зерттеу ортасын ұйымдастыру ғылыми жетекшілер мен
консультанттардың құзыретті деңгейімен, «South Clinical & Genetic Laboratory» (SK&GL) және дәрілік өсімдіктердің ғылыми-зерттеу зертханасын қамтитын жоғары технологиялық зерттеу ресурстық базасымен үйлеседі.
ЖОО-ның ғылыми қызметін дамыту үшін 2022 жылғы қыркүйектен бастап ОҚМА-да ғылыми зерттеулер жүргізу, рецензияланатын журналдарда ғылыми мақалалар жариялау, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелерін коммерцияландыру мәселелерінде
консультациялық көмек көрсетумен айналысатын «Коммерцияландыру және жобаларды басқару кеңсесі» жұмыс істейді.
Халықаралық ынтымақтастық
Медицина академиясы жақын және алыс шет елдердің 50-ден астам жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтасады. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:
профессорлардың білім беру бағдарламалары мен сапар бағдарламаларын іске асыру; білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы; инновациялық білім беру
технологияларын, оның ішінде қашықтықтан оқытуды дамыту; бірлескен ғылыми зерттеулерді іске асыру; магистранттардың, докторанттардың ғылыми тағылымдамалары және резиденттердің клиникалық тағылымдамасы (ротациясы); шетелдік білім алушыларды тарту; Эразмус+ бағдарламасының халықаралық жобаларын іске асыру және т. б. 2022 жылы ақпан айында Дүниежүзілік Банктің «Тәжікстан Республикасындағы фармацевтикалық білім беруді инновациялық дамыту» жобасы аяқталды, онда ОҚМА кеңесші рөлін атқарды.
Түлектер
ОҚМА түлектері денсаулық сақтау саласында сұранысқа ие мамандар, олардың жұмысқа орналасуы жыл сайын 95-100% құрайды. Академияның белгілі түлектері – Цой Алексей Владимирович, Бүркітбаев Жандос Қонысұлы, Асылбеков Нұрлыбек Әбибуллаұлы, Пашимов Марат Орынбасарұлы, Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы, Қашқымбаева Ләззат Рсымбекқызы және басқалар.
Университет клиникасы
2023 жылы академия өз қызметінің жаңа кезеңін бастады. Академияның материалдық-
техникалық базасын кеңейту және оны жаңа деңгейге шығару мақсатында бір ауысымда 700 келушіге арналған 800 төсек- орындық клиникалық-диагностикалық орталықтың
(емхананың) көп бейінді университеттік ауруханасының құрылысы басталды.
Жаңа ауқымды және заманауи медициналық мекеме студенттерді оқыту және практикадан өткізу орны ғана емес, сонымен қатар ел ауқымындағы ірі ғылыми орталық болады. Университет ауруханасы медициналық көмек көрсетудің әлемдік деңгейдегі талаптарына жауап беретін ең ірі заманауи клиникалардың біріне айналады.
Медициналық және фармацевтикалық инфрақұрылымды дамыту және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау үшін «Оңтүстік Қазақстан медициналық-фармацевтикалық кластері» құрылды, оның үйлестірушілері Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және СК-Фармация болып табылады.