Құмкөл Ойл» ЖШС «Құмкөл Ойл» ЖШС Қарағанды және Қызылорда облыстарында орналасқан Құмкөл маңындағы учаскеде 28.05.2021 ж. №4919-УВС МЭ келісімшарты бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығымен жер қойнауын пайдаланушы болып табылады. Келісімшарттық аумақтың ауданы 1631,7 шаршы шақырымды құрайды.
2021 жылғы 28 мамырда «Құмкөл Ойл» ЖШС мен ҚР Энергетика министрлігі арасында көмірсутектерді барлауға және өндіруге келісімшарт жасалды.
2021 жылғы 17 қыркүйекте «Құмкөл маңында» учаскесінде көмірсутектерді іздеу бойынша барлау жұмыстарының жобасы бекітілді. Осы жобаға сәйкес № 1 Құмкөл ұңғымасы бұрғыланды.
2022 жылдың наурыз айында Құмкөл №1 ұңғымасында бірінші объектіні сынау кезінде мұнай ағыны алынды. Әрі қарай тағы екі нысан сыналды, онда да мұнай алынды.
2023 жылғы 26 қаңтарда барлау жұмыстары жобасына толықтыру бекітілді. Қазіргі уақытта «Құмкөл маңындағы» учаскедегі мұнай және еріген газ қорларын жедел есептеу» есебі жасалды.
Есеп «Оңтүстік қазжерқойнауы» МДда келісілді және ҚР МҚК отырысында қорғау үшін Геология комитетіне жіберілді. Сондайақ, – «Құмкөл маңындағы учаскеде көмірсутектерді іздеу жөніндегі барлау жұмыстарының жобасы» бойынша жобалық шешімдердің іске асырылуын авторлық қадағалау» және «Құмкөл маңындағы» учаскеде көмірсутектерді іздеу жөніндегі барлау жұмыстарының жобасына №1 толықтыру» бойынша жобалық шешімдердің іске асырылуын авторлық қадағалау» есептерін жасау аяқталу сатысында.
«Құмкөл маңындағы» кен орнын сынамалы пайдалану» жобасы әзірлену үстінде.
Әрі қарай одан әрі өнеркәсіптік өндіруге көшумен кен орнын сынамалық пайдалану кезеңінде өндіруді бастау жоспарлануда.