Бұл қала тұрғындары үшін көптен күткен жоба, ол Шымкент қорғасын зауытының жұмысы аяқталғаннан кейін өткір тұрған мәселені шешуге арналған. Зауыт қорғасын зауытының қалдықтарын қайта өңдейді, оны іске қосу қоршаған ортаны жақсартуға әсер етеді. Жобада 70 жылдан астам уақыт ішінде жинақталған бұрынғы қорғасын зауытының қалдықтарынан түсті металл концентратын өндіру көзделеді. Шығарылымда үнемді және тез сатылатын — мыс, темір, күміс және басқа түсті металдар өнімдері болады.
Сондай-ақ, аумақта ШОБ субъектілеріне жеңілдікті тариф бойынша кейіннен жалға беру үшін дайын өндірістік үй-жайлар салынатын жеке индустриялық аймақ құрылады.
Өндірістің бірінші желісінің ҚМЖ аяқталды, пайдалануға беру актісі ресімделуде. Сондай-ақ ШОБ субъектілеріне кейіннен жалға беру үшін өнеркәсіптік үй-жайлардың құрылысы басталды. Зауыттың II кезеңінің ЖСҚ әзірлеу аяқталуда, жақын арада материалдар мемлекеттік сараптаманың қарауына берілетін болады.
Нысанды салу кезінде 600 құрылысшы жұмылдырылды, іске қосылғаннан кейін зауыт 2000-нан астам адамды жұмыспен қамтиды.
Жаңа индустриялық аймақ басқа ұқсас алаңдардан өзгеше болады, өйткені мұнда шағын және орта бизнеске жалға берілетін жаңа және заманауи дайын өндірістік үй-жайлар салынады. Бүгінгі таңда индустриялық аймақ бірыңғай үйлестіру орталығында құрылып, тіркелді, ал тұжырымдамамен қала әкімдігі келісті. Жоба мегаполистің Индустрияландыру картасына және Шымкент қаласының ТОП-10 жобасының тізіміне енгізілген. 5 жыл ішінде жаңа кәсіпорыннан салық аударымдарының сомасы 36,7 млрд. теңгені құрайды деп болжанады.