«Бүгінгі технологиялар мен инвестициялар. Қазақстан Республикасының территориялық экономикалардың даму проблемалары мен перспективалары» атты дөңгелек үстел бойынша

Күні: 16-17 қыркүйек 2024 ж

Өтетін орны: Шымкент қаласы («Қажымұқан мәжіліс» залы, Rixos Khadisha) және Түркістан қаласы

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен, Шетел елшілерінің қатысуымен, ағымдағы жылдың 16-17 қыркүйек аралығында «САУТС-ОЙЛ» компаниясы «Бүгінгі технологиялар мен инвестициялар. Территориялық экономикалардың даму проблемалары мен перспективалары» атты дөңгелек үстел ұйымдастыруда.

Дөңгелек үстелге дипломатиялық корпустың (9 шет мемлекеттің елшілерімен дипломаттары: Палестина Мемлекетінің, Алжир Мемлекетінің, СолтүстікМакедония Мемлекетінің, Кувейт Мемлекетінің, Ирак Республикасының, ӘзірбайжанРеспубликасының Төтенше және Өкілетті Елшілері, Қазақстандағы Ауғанстан Ислам Әмірлігінің істерінде сенім өкілі, Қазақстандағы Катар Мемлекетінің Елшілігініңхатшысы, Қазақстандағы АҚШ консулдығының өкілі, сонымен қатар Азық-түлікқауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының өкілі) және Шымкент қаласы әкімдігініңөкілдері (Шымкент қаласының әкімі, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, «InvestShymkent» ЖШС директоры) қатысулары жоспарлануда.

Дөңгелек үстел шеңберінде компанияның іске асырылып жатқанинвестициялық жобалары таныстырылады және өңірдегі инвестициялардытарту қажет етілетін салалар таныстырылады.

«САУТС-ОЙЛ» түскен табысты Қазақстан экономикасына қайтаинвестициялау қағидатын ұстана отырып, импортқа тәуелділікті азайту жәнеелдің экспорттық әлеуетін арттыру мақсатында өз қаражаттарымызды отандықөндірістерді дамытуға инвестициялайды. Іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар – еліміздің әлеуметтік мәселелерін шешудің жаңа ғылыми-техникалық әзірлемелері мен әдістерін енгізетін әлеуметтік-экономикалық маңызды, бірегей және инновациялық жобалар болып табылады.

Жобалардың мультипликативті әсері 8500-ден астам жаңа тұрақтыжұмыс орнын құруды және іске қосылған күннен бастап 10 жыл ішіндееліміздің бюджетіне 600 миллиард теңгеден астам салық түсімдерінқамтамасыз етуді көздейді.

Осылайша, компания химия, энергетика және мұнай-газ салаларында, сондай-ақ сумен жабдықтау және денсаулық сақтау салаларында 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.

Сондай-ақ, іс-шара аясында Шымкент және Түркістан қалаларындағыбілім беру нысандарын, рухани-сәулет кешендерін және өндіріс орындарынаралау жоспарлануда.