Жоба өңірді индустрияландыру картасына енгізілген. Кен қорларының көлемін барлау жұмыстары жүргізілуде, зауыттың жұмыс жобасы әзірленуде. Жобаны қаржыландыру және салу бойынша қытайлық China tianchen Engineering Corporation (TСC) компаниясымен уағдаластық бар.
Түркістан облысының Созақ ауданында (22 км) және Жамбыл облысының Сарысу ауданында (23 км) теміржол жолдарына жобалау -сметалық құжаттама әзірлеу аяқталды. 2023 жылдың соңына дейін зауыт үшін теміржол құрылысын бастау жоспарлануда.
Зауыттың іске қосылуы құрамында фосфор бар тыңайтқыштар мен препараттардың им- портына тәуелділігін азайтуға мүмкіндік береді, бұл ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік қауіпсіздігінің түпкілікті бағасына әсер етеді. Мамандардың есептеулері бойынша фосфатты тыңайтқыштар мен басқа да сұранысқа ие өнімдердің импорты 80%-ға қысқарады. Зауытта 1000 адам жұмыс істейтін болады, уақыт өте келе кәсіпорын ірі салық төлеуші — 10 жыл ішіндегі салық түсімдері 43,3 млрд. теңге болады.