Өндірісте газдинамикалық әсерлерге негізделген бірегей WR-технология қолданылатын болады, бұл Қазақстанда алғаш рет енгізіліп жатқан «САУТС-ОЙЛ» компаниясының ноу-хауы.
Бұл технология көмірсутек шикізат-мұнайын, газ конденсаты, мұнай шламдары, көмір, шымтезек өңдеуге мүмкіндік береді. Әрі, мұндағы кәдімгі көмірді өнімнің алты түріне өңдеуге болады-нафталин, бензол, этанол, ксилол, дизель отыны, мазут. Жобаны іске қосу жанар-жағармай тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді және бағаны ұстап тұруға әсер етеді.
Көмір-химия комбинатының өнімдері ішкі нарықта да, жақын шет елдерде де сұранысқа ие. 450-ден астам адам қатысқан құрылыс аяқталды, іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. Пайдалануға беру 2023 жылдың І жартыжылдығында жоспарланып отыр.
Мұнда 100 адам жұмыс істейтін болады, 10 жыл ішінде жоспарланған салық аударымдарының сомасы — 13 млрд. теңге.