САУТС-ОЙЛ


Біздің серіктестер

ТОО "МҰНАЙ ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС"


Барлық сілтемелер

Аймақтардағы әлеуметтік ортаның дамуына үлес


22
  апан2011

«САУТС-ОЙЛ» компаниясы республика Президентінің саясатын ұстанып, Қазақстандағы әлеуметтік және қайырымдылық жобалардың танымал демеушілерінің бірі саналып, оның жүзеге асырылуына қомақты қаражат бөлген компания.


Компания сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен мекемелері қызмет атқаратын Қазақстанның басқа да аймақтарында әлеуметтік ортаның дамуына белсенділік танытады.


Жыл сайын облыстардың әкімдері мен компания басшылығы арасында аймаққа әлеуметтік көмек туралы Меморандумға қол қойылады. Меморандум аясында «САУТС-ОЙЛ» ЖШС жыл сайын түрлі аймақтық жобаларды жүзеге асыруға қомақты қаражат бөледі.


Жеке алып қарағанда, «САУТС-ОЙЛ» компаниясы 500 миллион теңге шамасында қаражат бөліп, Оңтүстік Қазақстан билік басындағыларға республика шеңберінде ірі спорт ғимараттарының бірі саналатын – жабық ғимаратты Мұз сарайының іргетасын қалауға жәрдемдесті. Ал ағымдағы жылда Қызылорда қаласында 300 миллион теңгеге бағаланған теннистік алаңдары бар спорт кешенінің ғимараты аяқталды. Құрылысқа кеткен барлық шығындарды «САУТС-ОЙЛ» компаниясы өзі қаражаттандырды.


Жаңа спорт кешенінің пайдалануға берілген салтанатты ашылу дәстүрінде сөз алған облыс әкімі Болатбек Қуандықов мырза бұл жобаның қаңтардағы (2011 ж.) өзектілігін айрықша атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаевтың жолдауында, Мемлекет Басшысы Үкімет басы мен әкімдерге тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстап, дене шынықтыру мен спортпен айналысып, спорттық инфрақұрылымды дамытуды тапсырған болатын.

160021, Қазақстан Республикасы,
Шымкент қаласы,
Желтоксан кошесі, 17
сапар картасы
+7 (7252) 98-21-15,
+7 (7252) 98-21-16 (факс)
info@south-oil.com
Aidan сайтты әзірлеген
«Айдан» студиясы