САУТС-ОЙЛ


Біздің серіктестер

ТОО "МҰНАЙ ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС"


Барлық сілтемелер

Ілеспе газ қалдықтарын рационалды пайдалану


22
  ақпан 2011
Кез келген мұнай компаниясының жетістігіндегі маңызды тапсырмалардың бірі – мұнай өндірудің экономикалық тиімділігін арттыру, қоршаған табиғат ортасына зиянды әсер бермеу мақсатында ілеспе газды ұтымды пайдаға асыру болып табылады. Бұл бағыт толығымен «САУТС-ОЙЛ» үшін де өзекті болмақ.


Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Кеңлік кен орнында «САУТС-ОЙЛ» компаниясына тиесілі ілеспе мұнай газ қалдықтарын пайдалану мен қайта өңдеу жөніндегі жаңа зауыттың салтанатты түрде ашылуы өткізілді. Ашылу салтанатында компания басшылығы мен қызметкерлерінен бөлек, саланың басшылары, Қызылорда облысының әкімі Болатбек Баянұлы Қуандықовтың басшылығымен жергілікті өзін-өзі басқару органының делегациясы, бас мердігер ұйым «Мұнай Құрылыс Сервис» ЖШС өкілдері, қоғамдық ұйымдар, басқа да құрметті қонақтар мен тілшілер қатысты.


Жүзеге асырылған жобаның бекітілген құны 4,7 млрд. теңгені құрады, зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 100 млн. м3 ілеспе газын өндіреді. Бұндай жағдайда терең өндіру технологиясы бойынша ІМГ өндіру жолдарында қалдықтарды пайдаға асыру жолдарында табысты екі жоғары сапалы өнім түрлері шығарылады: 40 мың тонна жылына сығылған техникалық пропан-бутан (МЕМСТ 20448-90) және 8 мың тонна жылына тұрақты газды бензин (ТУ 39-1340-89). Экологияда жаңа зауыттың зиянды қалдықтарды ауаға тастағанда мұнайдың жеңіл жіктері буланып, нөлге түсуі маңызды қызмет атқарады. Газдың жануы жойылады, мұнайды құюда топырақ беті ластанудан азайтылады, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау кепілдендіріледі.


Мекеменің өндірістік инфрақұрылым құрамына сондай-ақ электр беру желісі, газ өткізгіш, бензин мен сығылған газды сақтайтын қазандықтар кіреді.


Зауыт белгілі америкалық Red Mountain Energy Corp., компаниясының сондай-ақ, Ресей, Қытай, Сауд Арабиясының жетекші өндірушілерінің жоғары технологиялық жабдығымен жабдықталған.


Ілеспе газдың қалдықтары толығымен пайдаға асырылды. «САУТС-ОЙЛ» ЖШС компаниясының президенті Серікжан Сейітжанұлы Сейітжанов БАҚ өкілдерімен өткен сұхбатта зауыттан шығарылар газды бензин әртүрлі мақсаттарға қолданылуы мүмкін, мысалға, мұнай химиялық өндірісінің күйдіреу шикізаты ретінде қолданылады. Сығылған газ отын ретінде қажетті, соның ішінде Қызылорда және Шымкент аймақтарының коммуналды тұрмыстық қажеттілігіне пайдаланылады. Зауыт өнімі қол жетімді құнымен де кең талғамға ие, компания басшылығы тұтынушылардың кез келгеніне қол жетерлік негізде баға айналым бағытын ұстанады.

160021, Қазақстан Республикасы,
Шымкент қаласы,
Желтоксан кошесі, 17
сапар картасы
+7 (7252) 98-21-15,
+7 (7252) 98-21-16 (факс)
info@south-oil.com
Aidan сайтты әзірлеген
«Айдан» студиясы