САУТС-ОЙЛ


Біздің серіктестер

ТОО "МҰНАЙ ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС"


Барлық сілтемелер

«САУТС-ОЙЛ» ЖШС-ның табиғат қорғау қызметі туралы анықтама


19
  қаңтар 2021

«САУТС-ОЙЛ» ЖШС Қазақстан Республикасының Қызылорда облысындағы жетекші мұнай-газ өндірісі кәсіпорындарының бірі болып табылады. Компания Кеңлік, Оңтүстік-Батыс Қарабұлақ, Ақтау, Шығыс Ақшабұлақ кенорындарында көмірсутек шикізатының өнеркәсіптік өндірісін жүзеге асырады, сондай-ақ бірқатар келісімшарттық аймақтарда мұнай мен газ кендерін барлайды.

Шикізатты өңдеу және оны тауарлық мұнай стандарты мен сапасына жеткізу жұмыстары компанияның меншікті цехтарында және экологиялық заңнама талаптарына сай жабдықта жүзеге асырылады.

Кәсіпорын өзінің күнделікті шаруашылық қызметінде Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын қатаң түрде ұстанып отырады. Компанияның аса маңызды мақсаттарының бірі қоғамның тіршілік әрекетіне арнап қолайлы экологиялық жағдайларды, табиғи ресурстарды үнемдеп тұтынуды, өнеркәсіптік өндірістің қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерін азайтуды қамтамасыз ету болып табылады.

Осы мақсатта компания Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органымен келісілген және бекітілген жұмыстарды жүргізеді, кәсіпорын қажетті рұқсат құжаттарды уақытында алып, уақытынды қажетті есептілікті тапсырып отырады.

Сонымен қатар, мамандандырылған мердігерлік ұйымның күшімен компанияның кенорындарында тоқсан сайын өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсеріне мониторинг жүргізіліп отырады. Аталған ұйымның жылжымалы зертханасы бар, ол атмосфералық ауаның ластануын нақты уақыт режимінде бірқатар параметрлер бойынша бақылап отыруға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мердігер су және жер ресурстарының сапалық күйіне бақылау және мониторинг жүргізіп отырады.

Шырақтарда ілеспе мұнай газын өртеу мөлшерін азайту мақсатында компания мұнай газын кенорнында өртеуді болдырмау мақсатында газды кәдеге жарату қондырғысын салып пайдалануға енгізген болатын. Қондырғының негізінде ілеспе мұнай газы тазартылып, қайта өңдеуден өтіп және кәдеге жаратылады. Осыдан алынатын өнім – құрғақ тазартылған газ кәсіпорынның меншікті қажетсінулеріне жұмсалады, ал газды бензин әртүрлі тұтынушыларға сатылады.

Компанияның меншігінде сонымен қатар жалпы белгіленген қуаттылығы 22,5 МВт дейін баратын, электрқуатын өндіретін әртүрлі бірнеше қондырғылар бар, олар отын көзі ретінде құрғақ тазартылған газды пайдаланады. Өндірілетін электрқуаты компанияның қажетсінулеріне жұмсалады.

Компания өндіріс және тұтыну қалдықтарына ерекше көңіл бөледі. Мысалы, қара және түсті металл қалдықтары, тозған автошендер мен шиналар, люминесценттік шамдар, қатқыл-тұрмыстық қалдықтар мамандандырылған кәсіпорындарға өңдеп және кәдеге жарату үшін тапсырылады.

Ұңғымалардың құрылысы кезінде пайда болатын бұрғылау қалдықтары Кеңлік кенорнындағы мамандандырылған Уақытша сақтау телімінде кәсіпорынның күшімен өңдеуден өткізіліп отырады. Бұрғылаудан қалған сарқын сулар тазартылып қайта тұтынылады, ал бұрғылау шламы қайта өңделгеннен кейін компанияның меншікті қажетсінулеріне арнап пайдаланылады.

Кеңлік кенорнындағы компанияның шаруашылық-тұрмыстық қажетсінулеріне арналған нысандарды сумен қамту тиісті сужинағыш ұңғымалар арқылы жүзеге асырылады. Қалдық суларды биологиялық тазарту теліміне су тарту орталықтандырылған кәріздік жүйе арқылы жүзеге асырылады.

 «САУТС-ОЙЛ» ЖШС Нұрекешев К.  Бас экологы

160021, Қазақстан Республикасы,
Шымкент қаласы,
Желтоксан кошесі, 17
сапар картасы
+7 (7252) 98-21-15,
+7 (7252) 98-21-16 (факс)
info@south-oil.com
Aidan сайтты әзірлеген
«Айдан» студиясы