САУТС-ОЙЛ


Біздің серіктестер

ТОО "МҰНАЙ ҚҰРЫЛЫС СЕРВИС"


Барлық сілтемелер

Кызылорда - кұмкөл автожол кұрылысы аяқталды


21
  ақпан 2011

Аяқталған жобаны пайдаланымға беруге арналған салтанатта сөз алған Қызылорда облысының Әкімі Болатбек Қуандықов мырза өз сөзінде, жобаны іске асыру жергілікті мұнай компаниялары мен отандық құрылыс компаниялары «Корпорация Береке-А» АҚ, «Қыран» ЖШС және «УАД» ЖШС жұмысшыларының табандылықпен атқарған еңбегінің арқасында жүзеге асырылды. Жеке алғанда, инвестиция көлемін пайыздық есепке бөлгенде: «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ — 44,9%, «Торгай Петролеум» АҚ — 45,7%, МК «Кор» АҚ — 5,3% және «САУТС-ОЙЛ» ЖШС — 4,1% пайызын құрады.


«Құмкөл кен орнындағы мұнайды барлау және өндіру жұмыстары 30 жыл бұрын басталған. Жаңа кен орнына инфрақұрылымға қажетті барлық бұрғылау қондырғылары жеткізілді. Сол кезде, бірінші мұнай шыққан кезде-ақ жол құрылысы басталған. 190 километрлік үлкен трасса жолының салынуына 5 жыл уақыт кетті. Бұл кезде тек 130 км жол ғана асфальт төселіп, қалған жол беті ұсақ тастармен және құммен жабылған еді», - деп ескертті өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшысы Серік Сермағамбетов, - «5 жыл көлемінде салынғанымен, тек 130 км ғана асфальтталды, қалғанына құм төселді. Бұл қозғалыста мыңдаған тонна мұнай тасушы үлкен жүкті автокөліктер үшін асфальт төселмеген аймақтар қауіпсіз болатын, жазда – үлкен шаңнан, көктем мен күзде лайсаңнан арылмайтын. Міне, неліктен жол құрылысының аяқталуы жүргізушілер үшін көптеген жаманшылықтардан құтылғандық болып саналады».


Қызылорда облыстық жолаушылар тасымалы мен автокөлік жолдары басқармасының бастығы Өмірбек Шаменов атап өткендей, жаңа жол бедері 14 см қалыңдықта төселіп, жоғары сапалы асфальттың үш қабатынан, негізінен, құмды-ұсақ тасты-қоспалардан құралған 26 см қалыңдықтан тұрады. Бұл мұнай кеніштерінен ауыр жүкті алып жүруде еш кедергісіз жүк көлемін көбейтуге мүмкіндік береді. Ескерте кететін жайт, жол жұмыстары жүргізілген кезде айналма жол арқылы тасымал қозғалысы еш тоқтаусыз жүргізілді, сол арқылы кен орындарын пайдалану компанияларының іскерліктеріне зияны тимеді.


Болатбек Қуандықов мұнайшылар мен жол салушыларға жылдам әрі жоғары сапада жұмыс атқарғаны үшін алғысын айтты, ерекше атағаны, трассалық жол көлемі талап бойынша аз дегенде үш жылды қамтыса, бұл толық жинақталған жұмысын өндіруге бар болғаны бір жыл уақыт кеткен.

160021, Қазақстан Республикасы,
Шымкент қаласы,
Желтоксан кошесі, 17
сапар картасы
+7 (7252) 98-21-15,
+7 (7252) 98-21-16 (факс)
info@south-oil.com
Aidan сайтты әзірлеген
«Айдан» студиясы