Компания туралы
«САУТС-ОЙЛ» ЖШС мұнай компаниясы Қазақстан Республикасының мұнайгаз құрылымы нарығында жетістікке қол жеткізген және ілгері дамушы өндірістердің бірі болып саналады. Негізгі іскерлік саласы Қызылорда аймағында көмірсутекті шикізат өнімін барлау мен өндіру болып табылады.
Басшылық
«САУТС-ОЙЛ» ЖШС – Серікжан Сейітжанұлы Сейітжанов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген іскер азаматы, техникалық ғылымдарының Докторы, (АҚШ-тағы) Халықаралық ғылым, білім, өнеркәсіп және өнер академиясының мүшесі, 2003 жылдан бастап, осы уақытқа дейін компания Президенті болып саналады.
Республикадағы мұнайгаз өнеркәсібі мен әлеуметтік инфрақұрылымдағы жігерлі еңбегі, мардымды жеке үлестері үшін Серікжан Сейітжанұлы «Құрмет белгісі» орденімен, «Алтын Жүрек» алтын медалімен және «Білім саласы Меценаты - 2008», ал Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 10-жылдығына Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құрметхатымен марапатталды. Бұдан басқа, Нұрсұлтан Әбішұлы, С.С.Сейітжановтың бизнесті әлеуметтік саясат құралы ретінде пайдаланған еңбектерін бағалай келе, алтын мүсінді «Парыз» марапатын «Жылдың ең үздік әлеуметтік жобасы» марапатын жеңгені үшін өз қолымен табыстады.
Геологиялық барлау жұмыстары тәжірибесінде ғылыми-техникалық ілгерілеу жетістіктерін пайладануда көпжылдық шығармашылық еңбегі үшін С.С.Сейітжанов 2008 жылы Қазақстанның энергетика және минералды ресурстары Министрлігінің «Үздік кен барлаушысы» марапатына ие болды.
Іскер басшылықтың арқасында компания ұжымының еңбегімен тұтастай марапаттарға ие болған. Атап айтса, «САУТС-ОЙЛ» ЖШС беделді халықаралық «Құрмет белгісі» жүлдесімен «Ұлттық экономика Көшбасшысы» номинациясында лауреат атанып, ТМД жалпыэкономикалық потенциал өрлеуінде табысты үлес қосып, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасында өзара конструктивті реттеу саласында «Ынтымақтастық Жұлдызы» орденімен марапатталды. (2008 ж)
Тарих кезеңі
«САУТС-ОЙЛ»-дың өткен тарихында 2001 жылы Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстары Министрлігімен жер қойнауын пайдалану жөнінде алғаш келісімшартқа қол қойылуы болып табылады. Жер қойнауын пайдалануға арналған ивестициялық бағдарлама бойынша ашық конкурсқа қатысу бізге табыс алып келді, - деп «САУТС-ОЙЛ» компаниясының президенті Серікжан Сейітжанов есіне алады, - Комиссия біз берген өтінішті өркениетті санап, әртүрлі деңгейдегі жағымды келісімшарттар қатарына қол қоюға мүмкіндік болып табылды. Ал біздің алғашқы келісімшарттар 2001 ж Қызылорда және Қарағанды облыстарында табиғи көмірсутекті барлау және өндіру жұмыстарын жүргізуге арналған құжаттар болды.»
Тағы бір компания тарихындағы елеулі оқиға 11 тамыз 2003 жылы «САУТС-ОЙЛ» ЖШС Қызылорда мұнайөнімі ірі кәсіпорындарының бірі «Тереңөзекмұнайөнімдері» ААҚ 43% астам акция құжатын иемденді.
Қарқынды іскерлік дамуында, «САУТС-ОЙЛ» ЖШС 2005 ж «Қызылордаснаб» бұрынғы кәсіпорнының өндірістік базасын өндірістік-техникалық және қосымша бөліктерімен барлық ғимараттарын және құрылыстарын қолына алды. Сол негізде Қызылорда филиалы құрылды. Қойманың құрылысы жүргізілді. Қазіргі таңда Қызылорда филиалы болып табылатын әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2004 жылдан бастап көмірсутекті шикізат өндіру мен барлау жұмыстарын жүргізіп келе жатқан компанияның келісімшартты аймақтарында 100 км шамасындағы ішкіөндірістік және 20 км дейінгі кіреберіс автожолдары және нөлдік циклден, пайдалануға берілуге дейінгі жайлы кезеңдік поселка құрылған. «Кеңлік» және «Шығыс Ақшабұлақ» кен орындарында спорттық алаңдар беріліп, тиесілі аймақ көгалдандырылған. Ал «Кеңлік» кен орнында «САУТС-ОЙЛ» компаниясының қаражатымен су қоймасы бар қонақүй кешенінің құрылысы аяқталды.
Қазіргі таңда компания белсенділігінде – көлемді өндіріс қуаттылығы мен ең соңғы үлгідегі заманауи жабдықтар бар, сол арқылы басшылық тапсырған кез келген дәрежедегі күрделі тапсырмаларды шұғыл орындау мүмкіндігіне ие. Кәсіпорын құрылымдық бөлімшелеріне бүтін желі арқылы орналастырылған, оның ішінде Қызылордалық филиал, Қызылорда облысы Тереңөзек кентіндегі терминал, сондай-ақ Астана мен Қызылорда қалаларындағы филиалдарының өндірістік базасы кіреді.
Жоғары білікті мамандардың кеңейтілген штаты, тиімді менеджмент, әрдайым өнім сапасының жақсаруы, мықты инвестициялық капитал – бұл аталған факторлардың барлығы «САУТС-ОЙЛ» компания -сының көшбасшылық ұстаным саласында және оның жер қойнауын пайдалануда іскер серіктес ретінде сенімді ілгерілеу шарттастығын көрсетеді.
Мақсаттар мен міндеттемелер
«САУТС-ОЙЛ» компаниясының негізгі капитал салымы үлесі Қазақстан Республикасы алдында көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге, ұңғымаларды бұрғылау, ұңғымаларды пайдалану, бұрама желі құрау, жер асты құрылымдары, сондай-ақ ілеспе газды жоюға арналған келісімшарттарға сәйкес міндеттемелерін шарт бойынша орындауға бағытталған. Компания басшылығы мұнай өндіру тиімділігін арттыруда максималды деңгейге дейін жеткізу үшін жаңа межеге жету көзделген.
Біздің стратегиялық мақсатымыз – мемлекетіміздің экономикалық потенциалын және әлеуметтік бағдарламасын дамытуда, сондай-ақ біруақытта қоршаған ортаны, әл-ауқатты, қауіпсіздікті және өз қызметкерлеріміз бен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын қорғап, бүкіләлемдік ықпалдасу.
Біз өзіміздің мақсатты болашағымызды халықаралық сапа стандартына сай, әрдайым мұнай өндіру көлемін жаңа технологияларды енгізу негізінде арттырып, өндірісімізді жетілдіру. Біз бизнесті енгізу көлемін барынша кеңейтіп, сол арқылы «САУТС-ОЙЛ» компаниясын қазақстандық мұнайгаз өндіру көшбасшылары қатарынан табылуына ұмтыламыз.